Денсаулық сақтау басқармасының басшысы коронавирустың екінші толқынына дайындық жөнінде журналистерге ақпарат берді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы коронавирустың екінші толқынына дайындық жөнінде журналистерге ақпарат берді

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы  бұқаралақ ақпарат құраладарының өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында облыстың бас дәрігері коронавирустың екінші толқынына дайындық жөнінде журналистерге ақпарат берді.

Қазіргі таңда Алматы облысында  коронавируспен ауыратын 5574 науқас тіркелді. Оның ішінде 4932-і емделіп шықты, 163 - адам ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған  22 адам тіркелді.

Облыс бойынша коронавирус инфекциясының өсу қарқыны тәулігіне 0,4%  құрады.

Стационарда барлығы 200 адам бар. Оның ішінде 62 адам  инфекциялық стационардың 1 деңгейінде, 138 адам  инфекциялық стационардың 2 деңгейінде ем қабылдауда.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационардың 1-деңгейдегі жүктемесі - 32,3% құрап отыр.(төсек саны– 210, науқастар саны - 68, реанимацияда – 3).  2- деңгейдегі стационардың  (провизорлық) жүктемесі – 28,5% (төсек – 473, науқастар – 135, реанимацияда – 7) құрайды.

Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,9 млрд. теңге бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны жабдықтауға облыс бюджетінен және резервінен қосымша 7,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 2 компьютерлік томограф,  172 бірлік өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары, медициналық ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды, 15 бірлік жылжымалы рентген аппараттарын,  3 цифрлы рентгенологиялық аппараттарды, 100 бірлік оттегі концентраторы, 2000 дана пульсоксиметрлер, виброакустикалық массажерлерді және  кислородты станцияларды орнатуға бөлінді.  

Пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды.

Коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында Талдықорған қаласында  200 төсек-орындық оның ішінде 20 реанимациялық  модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Бұл аурухананың штаттық саны 452 ставканы құрады (оның ішінде дәрігерлер - 66, орта медициналық персонал – 180, кіші медициналық персонал - 159, басқалары – 47).

Талдықорған қаласындағы көпсалалы облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесінен 118 медициналық қызметкер (дәрігер - 10, орта медициналық қызметкер - 45, кіші медициналық қызметкер - 24) көшуде, басқа медициналық ұйымдардан 5 дәрігер тартылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 143 медперсонал (орта, кіші, қосалқы персонал) ауруханаға жұмысқа орналасты.

Талдықорған және Алматы қалаларындағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған COVID орталық құрылды.

Жергілікті бюджеттен қосымша медициналық жабдықтармен жарақтандыруға 436,1 млн.теңге бөлінді.

Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жабдықталды.

Екінші толқынға дайындық аясында СOVID-орталығына 20 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты, 12 концентратор, 130 пульсоксиметр қойылды.

Бүгінгі күні "Ақтөберентген" АҚ-мен шарт бойынша Қарасай аудандық инфекциялық бөлімшесіне, Талғар ОАА және Талдықорған қаласының қалалық емханасына 3 цифрлық рентген аппаратын жеткізу жүзеге асырылды.

Ауруханаларда 534 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Оның 119-ы республикалық бюджет есебінен, 172 бірлік жергілікті бюджет есебінен алынды.

Облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 12 оттегі станциясы іске қосылды. Сарқан аудандық ауруханасына орнатылып жатқан 13- ші оттегі станциясы жақында іске қосылады. Бұдан басқа, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды. Дайындалған 5280 төсектің 40% оттегімен қамтамасыз етіледі.

Облыстың медициналық мекемелерінде жеке қорғану құралдарының екі айлық қоры бар. Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес қосымша 800 млн.теңге бөлінді және тұрақтандыру қоры 1,3 млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

15 қыркүйектен бастап халықты тұмауға қарсы егу басталды. Осы уақытқа дейін  214 мың адам егілді (халықтың 10,1%).

Науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды.

Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, 281-Медициналық колледждің түлектері мен зейнеткер- дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсететін болады.

Қыркүйек айында 2498 медицина қызметкері 382,4 млн. теңге сомасында үстемеақы алды. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 1123 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн.теңге сыйлықақы төленді.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлем төлеу үшін комиссияның 8 отырысы өткізілді.

Өтінімдердің 501-і бекітілді, 501 өтінім бойынша төлемдер жүргізілді. Оның ішінде қайтыс болу себебі бойынша 10 өтінім қарастырылды.

Қазіргі уақытта облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 5,0 мың зертханалық зерттеу жасауға мүмкіндігі бар.

Осы уақытқа дейін барлығы 254,0 мың ПТР-зерттеу жүргізілді.

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бүгінгі күні 63 бірлік автокөлік келді. Лизинг бойынша 42 бірлік жедел жәрдем автокөліктерін желтоқсан айының соңына дейін жеткізу күтілуде. Бригадалар саны 205-ке дейін артады.

Жергілікті бюджет қаражатынан емханалар жанынан 4 санат бойынша  қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадалары үшін 30 бірлік автокөлік сатып алынды.

Облысқа 12 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді.

Бұдан басқа, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен "Самұрық - Қазына" АҚ гуманитарлық көмек шеңберінде 18 бірлік санитарлық автокөлік берілді.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай, инфекциялық науқастар үшін дәрілік препараттармен және төсек-орындармен қамтамасыз етілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда