Спорт

Спорт

Алматы облысында «халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу» көрсеткіші 49% құрайды.

Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған 1821 нысан бар, оның ішінде:

- дене шынықтыру-спорт нысандары-488 бірлік.;

- білім беру ұйымдарында-1156 бірлік.;

- спорт мектептерінде -177 бірлік (оның ішінде ауылдық жерлерде - 1574, жеке мектептерде-160).

Анықтама: 15 стадион, 9 спорт ғимараты кешені, 3 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 31 спорт кешені (оның ішінде10 ДШСК), 2 спорт манежі, 2 шаңғы базасы, 3 атыс тирі, 4 атыс алаңы,
1 яхта клубы, 1 конькимен жүгіру стадионы, 4 хоккей корты, 1072 жазықтық құрылым, 7 теннис корты, 4 ипподром, 19 бассейн, 596 спорт залдар, 48 қосымша спорт залдар.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Талдықорған орталық  жүзу бассейні» облыстық су спорты түрлерінен мамандандырылған мектебі өз қызметін «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес жүргізеді. Спорттық мектепке медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, тестілік сынақтар нысанында іріктеуден өткен балалар қабылданады. Спорт түрлері: жүзу, суға секіру, әртістік (синхронды) жүзу, су добы бойынша бастапқы даярлық топтарына 7 жастан 9 жасқа дейін оқушылар тегін негізде қабылданады, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 15 жасқа дейінгілерді қоса алғанда спорттық-сауықтыру топтарына тегін топтарға қабылдау жүргізіледі.Балаларды топтарға жазу мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы және Талдықорған орталық бассейнінің ресепшнына хабарласып, мамандардан барлық қажетті ақпаратты ала аласыз:Меңлібаева Айнұр Кеңесқызы (әдіскер): 40-25-30. Қабылдау: 40-10-13, 40-09-38.