6 қазан күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, білім беру саласының үздік қызметкерлері марапатталды.
Мерекелік шара барысында педагогтердің кәсіби жетістіктері аталып, білім беру саласында жоғары нәтиже көрсеткен мамандарға құрмет көрсетілді.
Бүгінде Алматы облысында 34 767 педагог еңбек етеді. Оның 33 306-сы мемлекеттік, 1 461-і жекеменшік білім беру ұйымдарында қызмет атқарады. Биыл 7 292 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Өңір педагогтерінің республикалық деңгейдегі жетістіктері де жоғары. 13 педагог «Үздік педагог» атағына ие болды. Ал жыл басынан бері облыстың 19 педагогі аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Биыл республикалық педагогикалық хакатонға Алматы облысынан 6 жас маман қатысып, оның үшеуі жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» VIII республикалық байқауында Іле ауданының мұғалімі Табыс Шырақ I орын алды.
Салтанатты жиында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагог еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталды.
«Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін қадірлі мамандық иесі. Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкіртінің жетістігі, елдің ертеңі мен қоғамның кемел келешегі», – деді Қайрат Жұманов.
Мерекелік жиын барысында білім беру саласының мамандарына «Еңбек ардагері» медалі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалі, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің және білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталары табысталды.
Сонымен қатар «Үздік балабақша – 2026», «Үздік ауыл мектебі – 2026», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2026», «Үздік сынып жетекші – 2026» және «Жылдың үздік мұғалімі – 2026» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылық-зерттеу жұмыстары, олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен аудандық және қалалық білім бөлімдері де жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болды.
Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын білім саласында еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіп, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге арналды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік пен ізгілік құндылықтарын сіңіретін ұлы тұлға. Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес.
Сіздерге шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Ұстаз еңбегі әрдайым абыройлы, мәртебелі болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Алматы облысында Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде
Алматы облысында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші (іріктеу) кезеңі басталды.
Биыл облыстағы зияткерлік додаға 673 оқушы қатысуда. Олар математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша білімдері мен қабілеттерін сынайды.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың пәндік білім деңгейін саралау, логикалық ойлау қабілеті мен ғылыми-зияткерлік әлеуетін дамыту.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 20 оқушы екінші кезеңге іріктеледі.
Президенттік олимпиада оқушылардың білімін жетілдірумен қатар, олардың ғылыми-зерттеу бағытындағы қызығушылығын арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және республикалық деңгейдегі білім додаларына дайындалуына мүмкіндік береді.
Алматы облысында дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға сапалы дайындау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Айта кетейік, Президенттік олимпиада – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім алушылардың қабілетін анықтауға және олардың ғылыми-зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған республикалық деңгейдегі зияткерлік жарыстардың бірі.
Сіздер – өмірлік тәжірибесі мол, өнегесімен ұрпаққа жол көрсетіп, елдің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардақты жандарсыздар. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен тағылымды жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әр күндеріңіз қуанышқа, сыйластық пен мейірімге толы болсын!
Ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
Алматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы өтті
Алматы облысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңі ұйымдастырылды. 28–30 қыркүйек аралығында өткен білім додасы онлайн форматта smart.daryn.kz платформасында өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын оқушылардың пәндік білім деңгейін саралау, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, сондай-ақ олардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру.
Атап айтқанда, облыс бойынша білім додасына 17 633 оқушы қатысты. Оқушылар онлайн форматта өз білімдерін сынап, пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындады.
Бұдан бөлек, олимпиада ауыл мектептеріндегі білім алушылардың өз қабілетін танытып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңдерге жолдама алады.
Республикалық олимпиада – ауыл мектептері оқушыларының білімін шыңдап, олардың қабілетін кеңінен танытуға мүмкіндік беретін маңызды білім додаларының бірі.
Білім саласындағы өзекті сұрақтарға жауап
Алматы облысының білім басқармасы азаматтардан келіп түсетін өтініштер мен сұрақтарға тұрақты түрде талдау жүргізіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда.
Талдау нәтижесінде азаматтарды педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібі, бос лауазымдарға орналасу, біліктілік санатын беру және растау, сынақ мерзімін белгілеу, еңбек қатынастары, жас мамандарды қолдау, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер жиі қызықтыратыны анықталды.
Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бос педагогикалық лауазымдарға конкурс жарияланып, тиісті ақпарат ресми интернет-ресурстарда және уәкілетті ақпараттық жүйелерде орналастырылады. Үміткерлер қажетті құжаттарын ұсынып, конкурстық іріктеуден өтеді. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпазбен еңбек шарты жасалып, лауазымға тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарылады.
Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Біліктілік санатын беру немесе растау аттестаттау рәсімі арқылы жүргізіледі. Жас мамандар үшін кәсіби бейімделу, тәлімгерлік және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері қарастырылған. Ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан педагогтерге қолданыстағы заңнама аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуі мүмкін.
Мектепке дейінгі білім беру саласында да азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар жиі көтеріледі. Олардың қатарында мемлекеттік білім беру тапсырысын алу тәртібі, балабақшалардағы орын тапшылығы, кадрмен қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдау және ата-аналардан заңсыз қаражат жинауға жол бермеу мәселелері бар.
Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту мақсатында жаңа орындар ашу, қолданыстағы ұйымдардың қуатын арттыру, жекеменшік балабақшаларды мемлекеттік білім беру тапсырысына тарту және бос орындарды автоматтандырылған жүйе арқылы бөлу тетіктері қарастырылған.
Білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүргізілуі, педагогтердің құқықтарының сақталуы, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Алматы облысының білім басқармасы азаматтардың білім беру саласына қатысты сұрақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және қажетті ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастырады.
Құрметті ардагерлер мен Қазақстан тұрғындары
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген сүйіспеншілік пен жанқиярлықтың символына айналған ұлы мереке.
Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауды абыройлы міндет санаған азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Отанға деген адалдық, жауапкершілік пен ерлік – әрбір ер азаматтың бойындағы асыл қасиеттер.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара құрметтің жарқын көрінісі.
Бірлік пен келісім – біздің басты құндылығымыз, ел дамуының берік негізі.
Әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!