Алматы облысы Балқаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпарттық технологиялар бөлімінің бас маманына (индекс №02-05-01)
Балқаш ауданының әкімдігі
Алматы облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша сараптама жасайды және тәжірибелік көмек көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсету қызметтеріне мониториг жүргізеді (оның ішінде интернет- ресурстардың мониторингі), мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін реттейді, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуын және орындалуын қадағалайды, жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау (бақылау іс-шарасын) жүргізеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп дайындайды, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар мен шағымдарды қарайды және жауап жобасын дайындайды, бақылау іс-шараларының және нормативтік-құқықтық актілерді талдау қорытындысына сәйкес анықталған заңдар коллизиясын жою бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға (әрі қарай – ЖТО) ұсыныстар енгізеді, «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп, ЖТО-ға анықталған жасырын мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін ұсыныс береді, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «құпия сатып алушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында аталған мәселеге қатысты сұрақтарды аудандық және ауылдық Қоғамдық Кеңес отырысында қарастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзара әрекеттесу және мемкемелер мен кері байланысты ұйымдастыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялардың активімен, азаматтық қоғам өкілдерімен және интернет блогерлерімен қажетті жұмысты жүргізеді, электрондық мемлекекеттік қызметтерді насихаттау бойынша жергілікті жерлерде іс-шаралар ұйымдастырады (Жәрмеңкелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.), аудандық және ауылдық «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көмек көрсетеді, жергілікті атқарушы органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен өзара әрекет етеді, басшылықтың басқа да мемлекеттік қызметтер көрсету мен ақпараттық технологияларға байланысты тапсырмаларын орындайды.
«В» - функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматинская область Балхашский район, село Баканас, улица Кунаев №64.
-
87277391555