

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған 20-шы мерейтойлық конкурсына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Конкурс аясында қатысу тәртібін, номинациялар мен өтінім беру мерзімдерін түсіндіретін бейнеролик пен инфографикалық материалдарды жолдаймыз.
Өтінімдерді қабылдау 1 шілдеге дейін жүргізіледі.
Осыған байланысты қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыру мәтінін облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктер мен басқармалардың ресми интернет-ресурстарында жариялауды сұраймыз.
Қосымша: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі инфографикалық материалдар мен бейнеролик келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1z5sGvoBDOqF33pPEOfhzhOkEVxdSqzGC