"Nur Otan" партиясына 21 жыл

Жарияланған күні: 02 наурыз 2020

1-наурыз партия күніне орай Балқаш аудандық партия филиалының конференц залында салттанатты шара өтті. "Nur Otan" партиясына 21 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға аудан активі, бастауыш партия ұйым төрағалары, Жас Отан жастар қанатының мүшелері қатысты. Жиында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Садықбаев Данияр Сұлтанұлы жиналғандарды Партиямыздың 21 жылда жеткен жетістіктерімен таныстырып және алғыс айту күнімен құттықтады. Елбасының саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелерін "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлының арнайы алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттер табыс етіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.