Балалар жылына орай және балаларды қорғау күніне байланысты ХХ “Жетісу жұлдыздары - 2022” облыстық балалар шығармашылығы байқауының марапаттау рәсімі және Гала - концерт 2022 жылдың 1 маусым күні, сағ 15:00 деТалдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.
Байқауға Балқаш ауданынан 3 үміткер қатысты. Байқауға қатысқан үміткерлер 2 топ бойынша сайысқа түсті, яғни: • Кіші топ 5 - 8 жас аралығы; • Үлкен топ 12 - 15 жас аралығы бойынша. Жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен және дипломмен 3 үміткерімізде марапатталды. Балқаш ауданы “ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН” номинациясы бойынша 5-8 жас аралығында: БАС ЖҮЛДЕ 100 000 тг Еркебұланұлы Ұлан; “ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН” номинациясы бойынша: үлкен топ 12-15 жас аралығында АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ 20 000 тг Мухамед Ерғазы “СУРЕТ САЛУ” номинациясы бойынша: үлкен топ 12-15 жас аралығында АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ 20 000 тг Әлібекқызы Алина