🔰ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҰРАНЫ — БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ.
Бүгін 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Аудандық мәдениет үйі алаңында "Жаңа Қазақстан ұраны— бірлік пен татулық" атты мерекелік салтанатты іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс—шарада аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы келіп жеткен достық пен татулық мерекесімен барша аудан халқын шынайы құттықтап, ашып берді.
Мерекелік концертке жалпы саны 150 ден астам қатысушы өнер көрсетіп, келген аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Көңілді әндер мен түрлі халықтардың билері және жырлары орындалды.