eCov mobile арқылы ЭЦҚ қалай алуға болады? ЭЦҚ өзіңмен бірге болғанда, әсіресе телефонда болса өте қолайлы, келісесіздер ме? 😉🤳
ЭЦҚ кілтін алу сіздің 5 минут уақытыңызды ғана алады:
eGov mobile қосымшасын жүктеу
«МАБ/ ЭЦҚ тіркеу» басу
видео-тексерістен өту
қосымша ақпаратты толтыру
құпия сөзді ойлап табу
ЭЦҚ қосымшада автоматты түрде жүктеледі, сонымен қатар сіздің телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркеледі.