Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында және "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 тамыздағы №281 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.
Сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (жеке куәлігін куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке куәлігін куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
конкурстық ұсыныс;
өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен баста үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, аул шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң яғни 2025 жылдың «9» қазанынан бастап 2025 жылдың «29» қазан аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін 2025 жылдың 29 қазан 10 сағат 00 минутке дейін Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі №19 аудандық маслихат ғимарытының екінші қабаты мекен жайынан, Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау (конкурстық құжаттама) 2025 жылдың 29 қазан 18 сағат 30 минутта аяқталады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі №19 аудандық маслихат ғимаратының екінші қабаты ) табысталады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2025 жылдың 30 қазан 10 сағат 00 минуттан бастап, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 9 ғимарат) аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ашылады.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " 2025 жылғы 30 қазанға дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратпен анықтама алу үшін 8 (72777) 2-22-89 телефондары арқылы (аудандық «Жер қатынастары бөлімі» мм) хабарласуға болады.