Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қонаев қ. «____» ______2026 жыл.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының 2025 жылғы 03 наурыздағы №31 б-н/қ (бұдан әрі – Басқарма) бұйрығының негізінде 2025 жылғы 03-20 наурыз аралығында жұмыс тобы басқарманың 2024 жылы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 395 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.
Басқарма миссиясы халықты азық – түлікпен, өнеркәсіп-шикізатпен қамтамасыз етуге, дамушы экономика жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған Ауыл шаруашылығын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына» сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
Филиалдың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
- Басқарма өз қызметінде басшылыққа алады:
- «Астық туралы» ҚР Заңы;
- «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы;
- «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңы;
- «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңы;
- «Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы
- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы;
- «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы
- «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңы
- «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы
- «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы.
- «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы:
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 205 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 «Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
- «Технологиялық жабдықтың кредиттері мен лизингі, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай - ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы.
- «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығы.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
- Соя мен мақсары басым дақылдарын субсидиялаудың орындылығы туралы ақпаратқа қолжетімділіктің болмауына байланысты "қоғамдық мүддені білдіретін ақпаратқа қолжетімділіктің жеткіліксіздігі" сыбайлас жемқорлық факторы бар, яғни жобадан нақты қандай мақсаттар үшін соя және мақсары өнімдерін (майлы, техникалық немесе жемшөп мақсаттары) субсидиялау жүргізілетіні белгісіз. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына сәйкес жобада Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан биліктің әрекетсіздігі түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды, ол 2025 жылға арналған басым дақылдарды пайдалану жөніндегі мақсаттарға қарамастан субсидиялауға мүмкіндік береді, бұл Қағидалардың 19-тармағына сәйкес келмейді, онда басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді субсидиялаудың орындылығын айқындау қажеттігі көрсетілген.
- Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі ашықтықтың шектелуіне байланысты "қызметтің жеткіліксіз ашықтығы" сыбайлас жемқорлық факторы бар, олар Қағидалардың 17-тармағына сәйкес басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялауға жататын көкөніс дақылдарының нақты түрлерін айқындауға тиіс. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 450-бабына сәйкес жобада Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан билікті теріс пайдалану түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды, ол ЖАО өз қалауы бойынша Басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялауға жататын өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарының түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған норма Алматы облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялар алу құқығын бұзуы мүмкін, өйткені жобада субсидиялауға жататын басым көкөніс дақылдарының түрлері көрсетілмеген.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, ГИСС платформасында іске асырылған сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау алгоритмі субсидиялау қағидаларына қайшы келетінін хабарлаймыз.
Ұсынылады:
Біріншіден, Әзірлеуші органға жобаға 1-қосымшада 2025 жылға арналған Алматы облысы бойынша басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау үшін майлы дақылдар ретінде соя және мақсары өнімдерін пайдалануды көрсету ұсынады.
Екіншіден, Әзірлеуші органға жобаға 1-қосымшада өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін және Алматы облысында 2025 жылға субсидиялауға жататын басым көкөніс дақылдарының түрлерін көрсету ұсынады.
- Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
Штат кестесіне сәйкес 2026 жылдың 1 тоқсанында басқарманың жалпы штат саны 28 адамды құрайды, оның ішінде: Бос орындар – 4.
Жұмыс тобының персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Персоналды дамыту басқармасының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу және жекелеген НҚА-да бизнес процестерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері немесе заңнаманы бұзуға жағдай жасайтын нормалар анықталды.
Олар: - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемені бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы» Мемлекеттік орган басшылығының қалауы бойынша лауазымдарды функционалдық блоктарға жатқызуды көздейді. Бұл ретте лауазымды белгілі бір функционалдық топқа жатқызудың нақты критерийлері белгіленбеген.
Бұл белгілі бір лауазымды жоғары немесе төмен функционалды топқа жатқызуға мүмкіндік береді, бұл іс жүзінде әртүрлі ОМО-да болады.
Ұсыныстар:
Көрсетілген тәуекелдерді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына лауазымдарды функционалдық блоктарға жатқызудың нақты өлшемшарттарын белгілеу немесе «С» функционалдық блогын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілсін.
- Мемлекеттік қызмет көрсету
4.1. Талдау барысында бүгінгі таңда басқарма 12 мемлекеттік қызмет көрсететіні анықталды:
2024 жыл көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша 1998 қызметті құрады.
Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
- Талданатын саладан туындайтын өзге де мәселелер
5.1. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 15.03.2018 жылғы №125 қаулысында көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кезеңділігі жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Ережеге сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
- Қорытынды бөлім
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына:
Қазіргі уақытта, көрсетілген ұсынуларды 2026 жылдың 31 желтоқсанға дейін жою.
Топ мүшелері:
Басқарма басшысының орынбасары Е. Даутқулов
Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлық есеп
бөлімінің басшысы Д. Жумадилов
Егін, тұқым су шаруашылығы және техникалық,
бөлімінің басшысын . Е. Быдышев