ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ

Құрметті қонақтар, қадірлі ағайын!

Бүгін біз ел тарихындағы қос мерейлі датаны атап өтуге жиналып отырмыз. Бірі – барша қазақстандықтар үшін аса қымбат Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болса, екіншісі – ел бірлігінің ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы. Осынау айтулы мерекеде біздің ортамызда Алматы облысы мен Алатау қаласының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және құрметті меймандарымыз бар. Әсіресе, қоғам қайраткері, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Османова ханымның қатысуы мерекеміздің мәртебесін арттыра түсті. Қадірлі қауым! Қазақстанды бейбітшілік пен татулықтың мекені етіп отырған басты күш – біздің береке-бірлігіміз. Осы құндылықтарымыз әрдайым сақталып, Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Қызмет бағыты