Меню
Страницы
Статья
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары
- Кадрлардың ауысу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін тоқсанына бір рет әкім аппаратының, 12 қалалық бөлімдердің мемлекеттік қызметшілері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі, әрбір өткен сауалнаманың қорытындысы бойынша талдау дайындалады.
- 2024 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметші үшін тәлімгерлер бекітілді, олар сынақ мерзімі кезеңінде бейімдеу жоспарын әзірлейді, онда тәлімгерлік қорытындысы бойынша есеп пен пікір дайындалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы қабылданған мемлекеттік қызметшілер сынақ мерзімінен сәтті өтті.
- Жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы және тиімді орындау үшін барлық мемлекеттік қызметшілер қажетті материалдық-техникалық базамен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді.
- Кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша 2025 жылға арналған жоспар-кестені бекітті. Жоспарға сәйкес 2021 жылы 14 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыруға, 7 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтуге тиіс болған. Жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары орындалуда.
- Апта сайын атқарушылық және еңбек тәртібіне талдау жүргізіледі.
- ҚББЖ "Е-қызмет" ИАЖ-мен интеграцияланғанға дейін қала әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімімен Алатау қаласы әкімі аппаратының ғимаратындағы өткізу жүйесінің күнделікті мониторинг жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен орындаушылық тәртібін түсіндіру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл дәрістер мен семинарлар өткізеді.
- Өткізілетін конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиялардың отырыстарына комиссияларды өткізуге қатысуға ниет білдірген адамдар қатарынан байқаушылар қатысады.
- Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүргізіледі.
- Алатау қаласының бөлім басшыларына және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жойылған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне 2025 жылғы қаржыландыру жоспары бойынша бонустар төлеуге арналған бюджет қаражатынан бөлінді.
Дата публикации
14 июня 2025
Дата обновления
14 июня 2025
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал