Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Инженер-электрик

Қосымша талаптар

инженер,  сумен жабдықтау және су бұру , автомобиль жолдары

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде қарауды бақылауды қамтамасыз етеді. Өтініштерді талдау және өтініш берушілердің алдында тұрған жүйелік проблемаларды анықтау. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдар мен аудан әкімінің инженерлік және жол инфрақұрылымы мәселелері бойынша қаулылары мен өкімдерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жобалау-сметалық құжаттаманың және құрылыс-монтаждау  жұмыстарының  әзірленуін  бақылау.  Иесіз  тозған инженерлік желілерді реконструкциялау мен жаңғыртуды бақылау. Сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды және электр энергиясын үздіксіз беруді жақсарту үшін шағын стратегиялық объектілердің құрылысын бақылау. Инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымының құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар жұмыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан аумағында инженерлік желілерді стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу. Инженерлік желілерді (сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау) дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарлары - болжамдарын әзірлеуді ұйымдастыру. Әкімдік актілерінің құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік даярлау, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобаларын дайындауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, қолайсыздықты азайту және мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, ҚР заңнамасына сәйкес инженерлік инфрақұрылыммен жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде ТЭН, ЖСҚ-да энергия үнемдеудің заманауи әдістерін қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру. Жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржыландыру жоспарына енгізілген объектілер бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жобалау, салу, сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдар пакетін (техникалық құжаттаманы) дайындауды және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының ТЭН және ЖСҚ әзірлеу процесін бақылау. Мердігерден, авторлық және техникалық қадағалаудан жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді алуын бақылау. Жолдарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ көше жол желілерінің жаңа құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Аудан әкіміне апта сайын ақпарат береді. 2В нысанындағы орындалған жұмыстардың актілерін және КС-3 нысанындағы анықтамаларды тексереді және қол қояды. Қала және аудан әкімі өткізетін іс шараларға қатысады. Әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерді бақылау; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2026 – 26.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

30.06.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30