Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылым бөлімінің бас инспекторы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Автоматтандыру және басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
- Электрмен жабдықтау
- Инженер-электрик
- Электрмен жабдықтау және электрлендіру
- Электр энергетикалық жүйелер мен желілер
Қосымша талаптар
жылыту-газбен жабдықтау, жылумен-газбен жабдықтау және ауа баптау, инженер, сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау, инженер-эколог, газбен жабдықтау, автомобиль жолдары, сумен жабдықтау және кәріз, жылу-энергетикалық процестерді автоматтандыру, сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану
Функционалды міндеттер
Бөлімге келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерінің қаралуына, олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етеді. Жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу жөніндегі жұмысты және бюджеттік бағдарламалардың орындалу және жасалу барысын бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Инженерлік желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Көше-жол желілерін ағымдағы жөндеуді жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты және бюджеттік бағдарламалардың орындалу және жасалу барысын бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру және көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу жөніндегі мәселелерді үйлестіреді. Инженерлік желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) салуды және көше- жол желілерін ағымдағы жөндеуді жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Қалалық және аудандық бағдарламалардың орындалу барысына, жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін абаттандыру, инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру және көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу саласындағы жұмыс жоспарларына мониторингті жүзеге асырады. Объектілерді салу, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, қалпына келтіру және күрделі, ағымдағы жөндеу аяқталғаннан кейін оларды пайдалануға қабылдау туралы дайындық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған құжаттарды, сондай-ақ жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың актілерін қарайды және келіседі. Көше-жол желілерін салу және жөндеу, жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, сондай-ақ инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу және техникалық ерекшелікті жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Бюджет қаражатының уақтылы игерілуін қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша жеткізушілер орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасы бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді:
- жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, сондай-ақ инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу;
- көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу.
Өткізуді талап ететін көшелерді тексеру бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді:
- ағымдағы, орта және күрделі жөндеу, сондай-ақ көше-жол желілерінің жаңа құрылысы;
Жөндеуді (құрылысты) жүргізуді талап ететін объектілердің мониторингі мен зерттеп-қарау және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтінімдерді жолдайды:
- жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар;
- Көпірлер мен өткелдер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 30.06.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30