Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 30 маусымға дейін оқу демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

592937

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қызмет көрсету саласы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Туризм
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы
  • Ұйым менеджменті
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

маркетинг және коммерция, сауда экономикасы, көлік.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Функционалды міндеттер

Барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылды, әкімнің шешімдеріні жобаларын, әлеуметтікэкономикалық саясатты қалыптастыратын тұжырымдамаларды, болжамдарды сапалы дайындау мақсатында олардан ақпаратты уақтылы алуды, осы жобаларды әзірлеуге және сараптауға қатысуды ұйымдастырады. Әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен жауапты қызметкерлерінің жоспарлар мен әкімнің тапсырмаларын орындауын тексеру. Әкімнің қарауына әкім аппаратының жұмысын жетілдіруге, атқарушылық тәртіпті арттыруға және еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған ұсыныстар енгізу. Лауазым құзыреті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. ҚР Заңдарының, Президент Жарлықтарының және Үкіметі қаулыларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтікэкономикалық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, байланыс және қызмет көрсету салалары мәселелері жөніндегі Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, шешімдерінің және Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті, өнеркәсіпті, сауданы және сервистік қызмет көрсетуді дамыту және қолдау бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады. Әлеуметтік- экономикалық жоспарларды, бағдарламаларды дайындау және іске асыру, қолайлы инвестициялық ахуал құру мәселелеріне жетекшілік етеді, бұзушылықтар үшін сауда объектілерінің қызметін тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды индустриялық- инновациялық дамыту бағдарламасын орындау бойынша аудан кәсіпорындарының қызметіне талдау жүргізеді. Әкім аппараты бөлімдерінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, байланыс және бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы саласындағы қызметін үйлестіруді және басшылықты қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған органдармен жұмысты үйлестіреді. Ауданның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға байланысты көріктендіру жобаларын іске асырады. Бекітілген бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын іске асырудағы жұмысты бақылайды. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы  мен  жұмылдыру  туралы,  сондай-ақ  азаматтық  қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қарайды және оларды қабылдайды. Жетекшілік ететін салалары бойынша Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар,экономика, қалалық мобилділік басқармаларымен, Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасымен, Мемлекеттік кірістер басқармасымен, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен, Алматы қаласы бойынша статистика департаментімен, полиция басқармасымен, Атамекен кәсіпкерлер палатасымен, қаржы институттарымен, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық сала кәсіпорындарымен қызмет көрсету, көлік және байланыс кәсіпорындары, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2026 – 29.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

01.07.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30