Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының арнайы жобалар және құқықтық қамту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380390

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның орындалуын бақылау; Мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамаларын дайындау және бекіту; Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асыру; Мемлекеттік сатып алу туралы жасақталған шарттардың орындалуын бақылау; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастыру шараларын қабылдау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу; Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту; Басқарма қызметкерлеріне білікті заң көмегін көрсету; Басқарма қызметкерлеріне Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу; Басқарма құзыретіне  кіретін мәселелер бойынша жеке    және заңды тұлғаларға шағым материалдарын ресімдеу; Басқарма   басшысымен    шығатын   құқықтық    актілерге    және    оларды ресімдеуге қойылатын талаптардың сақталуын бақылау; Басқарма талапкер, жауапкер немесе үшінші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының барлық сот органдарында кез келген сатысында азаматтық және әкімшілік істер жүргізу; Сот шешіміне шағымдану, атқару парағын алу және оны өндіріп алуға ұсыну, мүлікті немесе ақшаны алу; Басқарма басшысының, оның ішінде жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, іссапарлар, демалыс туралы бұйрықтарының, сондай-ақ басшының өзге де бұйрықтарының ресімделуін және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету; Жұмысқа қабылдау кезінде атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімінен өтуді және белгілеуді қамтамасыз ету; Жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің ақпаратын әзірлеу және оң нәтижелерін алу; Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен танысуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді қабылдауын қамтамасыз ету; Басқарма қызметкерлерінің белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлікті, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру; Кадрлардың  мониторингі  және  кадрлық  іс  жүргізуді,  оның  ішінде «Еқызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді қамтамасыз ету; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер мен жиындарға немесе отырыстарға, дөңгелек үстелдерге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.05.2026 – 28.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

01.06.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30