Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Тиісті органдарға бухгалтерлік есептіліктің, қаржыландыру жоспарының, бюджеттік өтінімдер мен бағдарламалардың уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша ашық лимиттерге және нысаналы мақсатқа сәйкес бюджет қаражатының уақтылы, дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізеді. Жалақының, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің уақтылы және толық есептелуін және аударылуын бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялардың көрсетілуін бақылауды жүзеге асырады. Активтердің, құндылығы төмен және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді. Тиісті қаржы жылына арналған бюджет жобасын дайындайды. Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу жоспарының уақтылы жасалуын және бекітілуін бақылауды жүзеге асырады, Бөлімнің құзыретіндегі Мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында жариялау үшін құжаттаманы қалыптастырады. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуді бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа төлемнің уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын, шығармашылық үйірмелерді, спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде төлемнің уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады, жеткізушілермен шарттар жасасуға және жеткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төлемнің уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша талдамалық ақпаратты жүзеге асыру және қалыптастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2026 – 19.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

21.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30