Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282691

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Функционалды міндеттер

Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мен қолдаудың бағдарламасын әзірлейді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Аудандағы сауда саласындағы жұмыс жағдайына мониторингін жүзеге асырады, жаңа кәсіпорындар, өндіріс, жұмыс орындарының құрылуына көмек береді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды дамыту қалалық және аудандық бағдарламалары бойынша жұмыс атқарады, ақпараттық материалдарды таратуда көмек көрсетеді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қалалық бағдарламаларының жобасына ұсыныстар даярлауға, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аудан әкімінің жиналысы мен конференцияларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша талдау жасайды. Аудандағы өнеркәсіптің нақты көлем индексіне мониторинг пен талдау жасайды. Банктермен, лизинг серіктестіктерімен несиелеу мәселелері, шығарылатын өнім түрлері бойынша жұмыс, оларды топтастыру, тізімдерін дайындау, импорталмастыру бағдарламалары бойынша жұмыс. Сапа белгілері, дипломдар, сертификаттар, өнім сапасының Халықаралық стандарттарын енгізу. Өндірісті дамытуға салынған инвестициялар көлемін талдау. Көлік және байланыс кәсіпорындарының мәліметтерін, яғни жолаушылар, жүк тасу, байланыс кәсіпорындарының тізімін, қызмет көрсету көлемін, жұмыс істейтіндердің саны, жаңа жұмыс орнын ашу, қаржылық жағдайын анықтау және т.б. Жаңа кәсіпорындар, өндірістер, жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесіп, аудан бойынша шағын бизнестегі істердің жағдайына жүйелі түрде мониторингті жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2026 – 24.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30