Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің шешімдері мен қаулыларын, мәслихаттың шешімдерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, бөлім қызметін ұйымдастыруға басшылық жасайды. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады, құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетеді, азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өтініштері, шағымдары мен сұрауларына негізделген жауаптардың дайындалуын ұйымдастырады. Шарттық және еңбек тәртібін нығайтуға, ішкі бақылау жүйесін және тапсырмаларды орындауды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындыларды, нормативтік құқықтық актілер жобаларына қорытындыларды дайындау жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ Басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді (құқықтық сараптама). Құқықтық насихатты жүргізуді, Басқарманың қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен және оларға енгізілген өзгерістермен таныстыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде Басқарманың мүдделерін соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда білдіреді. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, қала әкімдігі басшылығының бақылаудағы тапсырмалары мен сұрауларының, қызметтік сипаттағы хат- хабарлардың, ұйымдастырушылық-өкімдік және есептік құжаттардың уақтылы орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Белгіленген мерзімділігі бар (ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын) ұзақ мерзімді құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі және ағымдағы және жоспарлы тапсырмалардың орындалу сапасын бақылайды. Бөлім қызметінде цифрлық технологияларды және электрондық құжат айналымын енгізуді ұйымдастырады, заманауи байланыс құралдары мен ақпараттық жүйелерді пайдалануды қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысының тиімділігін талдайды, оны жетілдіру, басқарудың жаңа әдістерін енгізу, процестерді оңтайландыру және еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бөлім қызметкерлерінің кәсіби дамуын, ішкі оқытуды, тәлімгерлікті және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басқарманың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысады, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде «ОДО» және «Е-өтініш» базалары бойынша кіріс хат- хабарларды қарау мерзімдерінің сақталуына дербес жауапты болады. Бөлім қызметінің нәтижелері, тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы, құжаттардың сақталуы және қызметтік құпия режимінің сақталуы үшін дербес жауапкершілік атқарады. Кестеге сәйкес барлық сот отырыстарына қызметкерлердің уақтылы қатысуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес жеңіліп қалған сот істері бойынша апелляциялық және кассациялық шағымдардың белгіленген мерзімде міндетті түрде берілуін қамтамасыз етеді. Заңды күшіне енген сот шешімдері мен қаулыларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді. Басқарманың талапкер немесе жауапкер ретінде қатысуымен қаралған сот істерінің нәтижелері үшін дербес жауапкершілік атқарады. «ОДО» және «Е-өтініш» жүйелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарларды қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 17.04.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30