Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Өнер (білім саласы)
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Функционалды міндеттер

Бөлім басшысы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді; бөлім жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі; тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петициялардың қаралу мерзімін бақылауды жүзеге асырады, тексерістен кейін аудан әкімі орынбасарының атына келіп түскен құжаттарға бұрыштама қояды; заң нормаларының, ҚР Президенті мен Үкіметі Жарлықтарының, қала және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәдениет және спорт, тілдерді дамыту мәселелері бойынша қалалық мәслихат сессиялары қаулыларының уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады; ауданның мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады, тілдерді дамытуды қолдау бойынша мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады; тарихи-мәдени мұраны есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысқа жәрдемдеседі; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мәдениет ұйымдарымен және мекемелерімен: театрлармен, кітапханалармен, оқушылар үйлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді; спорт разрядтарын, жаттықтырушыларға, спорт әдіскерлеріне, нұсқаушы – спортшылар мен төрешілерге біліктілік санаттарын беру жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді, «Даму бала» бағдарламасы бойынша спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізеді; ауданның әскери бөлімдерімен жұмыс жүргізеді; белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік тілдің мазмұнына, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің паспорттарына, олардың бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, көше атауларының аншлагтарына мониторинг жүргізу. Қалалық мекемелер өткізетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын қолдау бойынша «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, жұмыс кездесулері, кеңестер, мәдени- бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; азаматтарды қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, жетекшілік ететін мәселелер бойынша петицияларды қарайды; бөлімнің істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастырады, істердің сақталуын және ведомстволық мұрағатқа берілуін қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.04.2026 – 15.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

17.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30