Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоршаған орта
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Химия
  • Биология
  • Графика
  • Мүсін
  • Дизайн
  • Арт - менеджмент
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша анықтамаларды, ақпаратты, талдамалық материалдарды дайындау процесінде барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлім басшыларының жұмыстарына жалпы басшылық жасайды, бөлім басшыларының жұмысын жоспарлайды, қадағалайды; Бөлім басшыларына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын, сондай-ақ қызметкерлердің тапсырмалары мен лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау және үйлестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу және жүзеге асыру. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Саябақтар мен скверлерді реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қоғам мен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жайлы ортаны қамтамасыз ету шеңберінде саябақтарды, скверлерді, бульварлар мен жалпы пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру, жобалау, салу және реконструкциялау бойынша аудан әкімдері аппараттарының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қалалық қызметтердің және өзге де ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіру және мониторингтеу. Аудан әкімдіктерімен және жоба әкімшілерімен бірлесіп қоғамдық кеңістіктердің жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2026 – 01.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

03.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30