Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Тілдер және әдебиет
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Информатика
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады.Сайлау және референдумдар өткізу және дайындық бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.Құпия құжаттармен жұмысты және іс жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.Құзыры шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік басқарудың өзге органдармен өзара байланысын қамтамасыз етеді.Аудан әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшсының арасындағы міндеттерді бөлу, аппарат жөніндегі ереже, аппарат құрылымы, бекітілген штат саны шегінде штат кестесіне, бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар, қосымша ақылар және көтермелеулер мен тәртіптік жазалар бойынша ұсыныстар енгізеді.Еңбек және орындаушылық тәртібіне бақылауды қамтамасыз етеді, аудан әкімінің аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік наградалармен аппарат қызметкерлерін марапаттау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді.Қала әкімі аппаратымен, Алматы қаласының Әділет департаментімен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департментімен өзара байланысты қамтамасыз етеді.Жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімінің ВЕБ-сайт жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу бойынша, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау жөніндегі және сараптама комиссисын басқарады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді.Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс- шараларды жүргізу.Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағатына істердің өткізілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз  етеді.Жетекшілік  ететін  мәселелер  шегінде  петицияларды қарастырады.Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2026 – 01.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

03.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30