Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2028 жылғы 3 мамырға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Тілдер және әдебиет
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
- Еңбек ресурстарын басқару
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне», ұйымдық-өкімдік және директивалық құжаттардың қызметтік хат- хабарларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жалпы бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Өтініштерді, шағымдар мен өтініштерді қарау сапасына жалпы бақылауды, бөлім қызметкерлерінің жоғары тұрған органдарға есептер дайындауды үйлестіруді қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына» сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің сақталуын, аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді бақылайды. Азаматтарды жеке қабылдау барысында берілген аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. «Қызметтік пайдалану үшін» (ҚБП) құжаттарын қарау бойынша іс жүргізудің сапасына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Кадр жұмысы мәселелерін үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының құжат айналымы бойынша есептердің уақтылы дайындалуын және тапсырылуын бақылайды. Аудан әкімі актілерінің (шешімдерінің, өкімдерінің) ресімделуіне және тіркелуіне жалпы бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімі қабылдаған актілер бойынша есептердің Алматы қаласының Әділет департаментіне, Әуезов ауданының прокуратурасына уақтылы тапсырылуын бақылайды. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының, ведомстволық мұрағаттың істер номенклатурасын жүргізуін жалпы бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Оқуды, іс қағаздарын жүргізуді және орындаушылық тәртіпті жетілдіру бойынша семинарларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі, Аппарат бөлімдеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ұсынылған талдамалық анықтамалар мен ақпараттардың сапасына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда аудан әкіміне азаматтардың өтініштерін қарау сапасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 01.04.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30