Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Денсаулық сақтау
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Өз функциялары шегінде заңдардың, Президент Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың қызметін үйлестіреді; денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді, әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, төтенше жағдайларда ауыр науқастарды жақын маңдағы денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді, инклюзия мәселелерін ұйымдастырады; хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді; бөлім қызметінің қорытындылары бойынша есептер (ағымдағы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) және талдаулар ұсынады; жетекшілік ететін мәселелер бойынша тиісті іс- шараларды дайындайды; азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды қарайды; тиісті жыл аяқталғаннан кейін құжаттарды аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатына уақтылы тапсыруды ұйымдастырады.         

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2026 – 10.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

12.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30