Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 7 маусымға дейін жүктілікке және босануына байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік басқару
  • Құқықтану
  • Өңірлік даму
  • Еңбек ресурстарын басқару
  • Азаматтық құқық

Қосымша талаптар

заң кеңесшісі

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттерді іске асыру. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді.Бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен өтініштерінің заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралуын бақылауды қамтамасыз ету. Сайлау өткізу кезінде аудандық сайлау комиссияларының ұйымдастыру жұмысына қатысу, заңнамамен белгіленген тәртіпте сайлау учаскелерін жабдықтауға көмек көрсету. Аппараттық жиналысты ұйымдастыру және өткізу, хаттамалық тапсырмаларды құрастыруды және орындалуын қамтамасыз ету, Алматы қаласы және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша ақпарат беру.Әкімнің кеңейтілген мәжілістерін, активтерін, есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу, әкімнің халықпен есеп беру кездесуі жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Әкім аппаратының жұмысы бойынша аналитикалық анықтамалар, ақпараттар, қызметтік жазбалар дайындайды.Аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің тоқсандық және жылдық атқарған жұмыстары туралы есеп және негізгі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру.Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының және аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастыру, жеке қабылдауда берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізу. Аудан әкімі аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыру, оларға қажетті ақпаратты дайындау және ұсыну.Әкім аппаратының бөлімдерінің тоқсандық, жылдық есептерін және жұмыс жоспарларын жиынтау.Әкімнің тапсырмалары бойынша ақпаратты уақытылы дайындау.Құжаттардың уақытында дайындалуын және мұрағатқа тапсырылуын бақылау.Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2026 – 02.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

04.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30