Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының Жетісу аудандық қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады; Бөлімнің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; Азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, сәулет-қала құрылысы сапасын арттыруға бағытталған аудан аумағына құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу. Урбанистикадағы үздік тәжірибелерге сәйкес, оның ішінде жаяу жүргіншілер, аула кеңістіктерін, көлік және басқа да қоғамдық аймақтарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді аймақтарды абаттандыру бойынша қалалық ортаны жайластырудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу және іске асыруға қатысу. Ыңғайлы қалалық ортаны жоспарлау және қалыптастыру үшін партисипаторлық жобалау принципін енгізе отырып, аумаққа жобалау алдындағы талдау, азаматтарға сауалнама жүргізу. Аудандық әкімдіктермен және құрылыс салу жобаларының әкімшілерімен бірлесіп, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының, қоғамдық кеңістіктер жобаларының қоғамдық тыңдауларын өткізу. Аудан аумағының инвестициялық тартымдылығын жақсарту және көшелерді, саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық кеңістіктерді реконструкциялау бойынша перспективалық жұмыстар жүргізу. Үздік әлемдік тәжірибелер бойынша озық цифрлық технологиялар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқындығын, ашықтығын, қолжетімділігін, жеделдігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ету. Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын және Алматы қаласына ықпал ету аймақтарының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Эскиздік жобаны келісу, олардың орналасқан жерін айқындау, ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы қарау. Тиісті аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы құрылыс саясатын жүргізу; бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, қала құрылысы құжаттамасының сақталуына, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салу қағидаларының сақталуына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу, бөлімнің жұмысы бойынша ай сайынғы және жылдық есептерді дайындау. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар беру. Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінде жеке қабылдауды жүзеге асырады. «БҚА» және «Е-өтініш» базасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ қызметтік хат-хабарларды уақтылы және сапалы қарау; «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер келіп түскеннен кейін қоса берілген құжаттарды Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (бұдан әрі – Құрылыс салу қағидалары) сәйкестігін қарау кейін «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімді» (бұдан әрі - Шешімдер) дайындайды бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін дәлелді бас тартуды немесе құрылыс салу қағидаларын келіседі осы құжаттарды қол қойылған Шешіммен мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдеріне жібереді. Бас жоспардан, ЕЖЖ-дан және функционалдық аймақтарға бөлу схемасынан үзінді көшірмелермен (фрагментпен) жұмыс істеу кезінде үзінді көшірменің бекітілген цифрлық Бас жоспармен, ЕЖЖ-мен және функционалдық аймақтарға бөлу схемасымен сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 28.01.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30