Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тарих
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Медицина
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша жылдық және тоқсандық есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хаттарды қарастыру. Электронды құжат айналымын алып жүру. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау. Мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлім істерін аудан әкімі аппаратының мұрағатына өткізуге бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру, өкімдер әзірлеу және енгізу, қабылданған өкімдерді іске асыру жұмыстарын жүргізу. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде шақыру комиссиясының жұмысын бақылау. Ведомстволық бағынысты мекемелердің ақпараттарын, есептерін жинау мен жинақтауды, олардың жұмыс қорытындыларын шығаруды бақылау, электрондық порталдың ақпараттық жүйесіне деректердің уақтылы енгізілуін бақылау www. elicense.kz. Қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуді және мемлекеттік қызметтер көрсетуді арттыруды бақылау. Мүгедектігі бар адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарын әлеуметтік жобаға тарту жөніндегі жұмысты бақылау. Мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен әлеуметтік жобалардың іске асырылуын және олардың орындалуын қамтамасыз етуді бақылау. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның жұмысы бойынша отырысты ұйымдастыру және өткізу. Ауданның медициналық-әлеуметтік мекемелерінің рейтингтік көрсеткіштері индикаторларының негізгі мәселелеріне талдау жасау және теріс көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу. Мүгедектердің, зейнеткерлердің, жалғыз тұратын және аз қамтылған азаматтардың әл- ауқатын қолдау және жақсарту, денсаулық сақтау және еңбек жүйесінде енгізілетін ұсыныстарды дайындау және іске асыру. Әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа орналастыру бойынша халықпен кездесулерді ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және түсіндіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.01.2026 – 26.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

28.01.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30