Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, олардың ведомстволық бағынысты мекемелерімен және тиісті саланың уәкілетті органдарымен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзара әрекет ету; жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және оларға ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша мемлекеттік сатып алуларға мониторинг; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамамен белгіленген құжаттарды қамтитын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алуды өткізу және ұйымдастыруға тапсырыс берушімен ұсынылған тапсырмаларды қарастыру; Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; бірыңғай ұйымдастырушы ретінде Басқарманың мемлекеттік сатып алу және орталықтандырылған сатып алу үдерістерін өткізу; конкурстық (аукциондық) комиссия құрамында әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарастыру; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кінәрат-қуыным жұмысын ұйымдастыру; бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік сатып алу жоспарларына талдау жүргізуді ұйымдастыру; бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және Басқарма төлемдерін жүзеге асыру; Алматы қаласының бюджетінен «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауды және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес сатып алынуын қамтамасыз ету; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастыру. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының, Алматы қаласы әкімі шешімдерінің және өкімдерінің орындалуына бақылау; жетекшілік ететін бөлімдердің қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуына бақылау; басшылықпен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Басқарманың ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы қорғану ережелерін сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 05.01.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30