Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қызмет көрсету саласы
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Халықаралық қатынастар
- Музыкатану
- Аспаптық орындаушылық
- Вокалдық өнер
- Дәстүрлі музыка өнері
- Дирижерлау
- Режиссура
- Эстрада өнері
- Хореография
- Сценография
- Композиция
- Операторлық өнер
- Графика
- Мүсін
- Өнертану
- Сән өнері
- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
- Дизайн
- Баспа ісі
- Арт - менеджмент
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Полиграфия
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Конфликтология
- Халық аспаптары
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Ұйымдастырушылық-бақылау, жекелеген орындаушылық, реттеуші функцияларды орындайды (келіседі, ұсынады, тапсырады, бақылайды, әзірлейді, жинақтайды, зерделейді, жүйелейді); Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатқа сәйкес ақпарат пен ұйымның қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды, алынған ақпаратқа қатысты қызметтік құпияны сақтауды, ұйымдастыруда құпия ақпараттың таралуына кедергі келтіретін жағдайлар жасауды жүзеге асырады; Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады; Жоғары тұрған органдарға ақпарат, қала әкімдігіне материалдар дайындау, әкімнің шешімдері мен тапсырмаларын, қала әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің жоғары тұрған және төменгі мемлекеттік органдармен өзара іс қимылын ұйымдастырады; Тарихи-мәдени мұра және ескерткіштерді қорғау жөніндегі жұмыстарды жан-жақты және объективті зерделеуді, жалпылауды және талдауды жүргізеді; Тарихи-мәдени мұраны есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; "Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі" МКҚК қызметіне жәрдемдесу және қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді және жетекшілік етеді; Мұражай және кітапхана жұмысын жан-жақты және объективті зерттеу, жалпылау және талдау; Халықтық көркем қолөнердің, қолөнердің, фольклордың жандануы мен дамуына ықпал етеді; Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату, мемориалдық тақталарды орнату туралы комиссия отырыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді; Тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүлінуін, жойылуын, бұзылуын жою жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді; Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат пен даму стратегиясын айқындауға қатысады, ұсыныстар енгізеді; Азаматтардың өтініштерін қарауға қатысады; Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастырады; "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру", "мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру "мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Техникалық ерекшелікті (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)әзірлейді, келіседі, бұрыштама қояды және басшылыққа бекітуге енгізеді:
- мерейтойлық іс-шараларды өткізу бойынша;
- кітаптарды басып шығару және өзге де полиграфиялық өнімдерді шығару бойынша қызметтерді жүзеге асыру кезінде,
- көрнекті тұлғаларға ескерткіштер жасау және орнату бойынша және т. б.;
- тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-жобалық құжаттамасын әзірлеу бойынша;
- Алматы қаласы мәдениет басқармасының қызметіне қатысты тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу.
Техникалық ерекшелікті (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) әзірлеу кезінде бөлім қызметкерлерінің сметалық есептерін жасау бойынша бұрыштама қояды, келіседі және қатысады және оның қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес қабылдайды. Орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің актілеріне бұрыштама қояды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жеткізушілер (мердігерлер) оларды одан әрі сақтау үшін басқару қоймасына берген кезде қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 18.12.2025
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30