Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің инспекторы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қоршаған орта
- Геология
- Су шаруашылығы
- Агрономия
- Орман шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Автоматтандыру және басқару
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
- Жаратылыстану ғылымдары: Метеорология
- Өсімдік шаруашылығы
- Топырақтану
Функционалды міндеттер
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да құжаттарын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның материалдарын дайындау және отырыстарын өткізу, комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау. Аудан аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты үйлестіру және жоспар- тапсырмаларды әзірлеу. Бюджет қаражаты есебінен белгіленген жолдарды, өткелдерді, тротуарларды, аялдама кешендерін, жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, стационарлық санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару және контейнерлік алаңдарды жабдықтау жөніндегі жұмыстардың барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. Арық желісін күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарының барысына, сондай-ақ жаңа құрылысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. Қалалық басқармалармен және қаңғыбас жануарларды аулау және үй жануарларын ұстау бойынша ветеринарлық қызметпен өзара әрекеттесу. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматы қаласының коммуналдық меншігіне келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша анықтамаларды жасау және дайындау жөніндегі ұйымға қатысу. Саябақтарды, скверлерді, бульварларды, жалпы пайдаланылатын аумақтарды күтіп ұстау және жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыстардың барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. Жасыл желектерді бұзу және санитарлық кесу жұмыстарының барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. Субұрқақтарды ұстау және жөндеу жұмыстарының барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру бойынша қалалық басқармалармен өзара іс-қимыл. Ұйымдарды қамтамасыз ету және өндірістік кеңестер өткізу, өз құзыреті шегінде мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету, жарықтандыру, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі ұйымды қамтамасыз ететін бағыттар бойынша ұсыныстар енгізу. Мердігерлерде олардың нақты орындалған жұмыстарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін толық куәландырғаннан кейін жұмыстың қабылдануын қамтамасыз ету. Барлық материалдарды дайындау сапасына, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға жауапты. 2В нысанындағы актілердің түпнұсқаларын және КС-3 нысанындағы анықтамаларды олар келіп түскен сәттен бастап мұрағатқа берілгенге дейін есепке алуды жүргізу жолымен, оларды қабылдау-беру актілерін жасау жолымен сақтауды қамтамасыз ету. Өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері, сондай-ақ эвакуация саласындағы заңнамасын орындауды жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұйымның саясатына сәйкес ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды сақтау, тек рұқсат етілген пошта сервистерін жұмыс мақсаттары үшін пайдалану, құпия ақпаратты таратпау. Оған Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Заң бойынша өнім берушілермен шарттар жасасу; өтініштерді құқықтық талдау және жауаптар дайындау; ТЖ қоса алғанда, нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу; абаттандыру мен тәуекелдерді құқықтық бағалау; бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау және тексеру кезінде өкілдік ету. Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін конкурстық құжаттаманы дайындау (жетекшілік ететін бағыттар бойынша). Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу (ағаштар, бұтақтар және т.б.). Ауа райы жағдайы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа дейінгі талаптарды қарау және сот отырысына жіберу үшін материалдарды дайындау. "Е-Өтіш" жүйесінде білім базасын енгізу және іске асыру жұмысын бақылауды қамтамасыз ету. Ауданның санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық ерекшеліктерді дайындау. Өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін конкурстық құжаттаманы дайындауға (жетекшілік ететін бағыттар бойынша) жауапты болады. Электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстық комиссиясының мүшесі (жетекшілік ететін бағыттар бойынша).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 18.12.2025
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30