Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2028 жылғы 18 маусымға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Ақпараттық жүйелер
- Қаржы
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік басқару
- Құқықтану
- Өңірлік даму
- Еңбек ресурстарын басқару
- Персоналды басқару
- Азаматтық құқық
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттерді іске асыру. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Әкім аппаратына келіп түскен азаматтардың хаттары мен өтініштерінің заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралуын бақылауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органға мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы материалдарды дайындау және тапсыру бойынша аудандық комиссияның жұмысын үйлестіру. Сенім телефоны бойынша өтініштердің есебін жүргізу және олардың шешілуіне бақылау жасау. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік органдардан, Алматы қаласы әкімдігінен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін күнделікті тіркеудің жүзеге асырылуын бақылау. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру рәсімін жүргізу. Электрондық тіркеу бақылау карточкасын пайдалана отырып, бөлімнің бас мамандарының электрондық құжаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізуін бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және тапсыру. Алматы қаласының әкімдігіне, басқа да қалалық және аудандық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, мекемелерге заңды тұлғалардың шығыс хат- хабарларының тіркелуін және жіберілуін бақылау. Құжаттардың уақытында дайындалуын және мұрағатқа тапсырылуын бақылау. Шығыс хат-хабарлар бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және тапсыру. Аудан әкімінің кадрлық және негізгі мәселелер бойынша шешімдерін, өкімдерін дайындауды қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жүргізу; аудан әкімі аппаратының кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамалардан өтуін, даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. Істер номенклатурасын әзірлеу, бекітілген істер номенклатурасына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттама жүргізу. Қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар құжаттардың іс қағаздарын жүргізу (ҚБПҮ). Құпия іс қағаздарын жүргізу. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 12.11.2025
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30