Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жылумен және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Сәулет
- Автоматтандыру және басқару
- Мұнай газ ісі
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Құрылыс
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Жылу электр желілері
- Техника және технологиялар
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұйымдастыру-бақылау, жекелеген атқарушылық, реттеу функцияларын орындайды (келіседі, ұсынады, тапсырады, бақылайды, әзірлейді, жинақтайды, зерделейді, жүйелейді): энергиямен жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, жылу-энергетика кешені объектілерінің жай-күйіне талдау жүргізеді, жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жұмыстарды жүргізудің басталу және аяқталу мерзімдері туралы халықты және басқа да мүдделі тараптарды күні бұрын хабардар етуді қамтамасыз етеді, орындалатын құрылыс-монтаждау; қаланы үздіксіз жылумен және газбен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізеді. Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жылыту маусымын дайындауға және өткізуге қаулы жобасын дайындау. Жылыту маусымына дайындық және өту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады және іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қазандықтар, «АТКЭ» ЖШС, «АлТС» ЖШС жылу желілерін дайындау бойынша мониторингті жүзеге асырады. Жылу электр станцияларының жұмысына, олардың жылу маусымына дайындығына, температуралық және гидравликалық параметрлердің сақталуына, жылу және газ энергиясын өндіру көлеміне, отынның нормативтік қорын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді. Жылу- газ энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын келіседі. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, сондай-ақ бекітуге енгізеді. Кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мәселенің тиесілігі бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлейді және мониторинг жүргізеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; жобалау алдындағы, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары сатысында қажетті барлық рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етеді; ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың байқау кеңестеріне қатысады; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз етеді; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады; Қызметтің тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігі мен қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруға қатысу. Желілердегі ықтимал ақаулар үшін инженерлік инфрақұрылымның қашықтан мониторингі жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30