Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Бағалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін нормативтік құқықтық актілердің мониторингісін жүргізеді. Қазақстан Республикасының Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Алматы 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы қызметінің бөліммен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган отырысының қорытындысы бойынша қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. 2022-2025 жылдарға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасының және өзге де жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қала экономикасының салалар, кәсіптер және арнайы мамандықтар бөлінісінде жұмыс күшіне қажеттілігін болжау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс берушілермен, БАҚ-пен, үкіметтік емес және еңбек делдалдығымен айналысатын басқа да ұйымдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30