Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Білім: математика
- Мемлекеттік аудит
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, бөлімнің жоспарлы жұмысын, еңбек және орындаушылық тәртіпті жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру мен еңбек қызметіне қажетті жағдайды жасауға бағытталған шаралар қабылдайды. Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеуді жүргізеді. Аппарат және ведомствалық бағыныстағы ұйымдарға байланысты ағымдағы жыл бойынша қаржыландыру жоспарын, жылжытуға өтінімдер мен анықтамалар құрады және қазынашылық органдарына береді. Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді, бухгалтерлік операциялар шоттарында дұрыс жүргізу мен көрсетуді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша талдау жүргізеді, олардың уақытылы және мақсатты орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жабдықтаушылармен жұмыс, №6 мемориалдық ордерді құру. Материалдық құндылықтардың, негізгі қаражаттың сақталуына, уақытылы есептеу мен түгендеуді бақылауды қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындық кезеңінде материалдық- техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Жабдықтаушылармен мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады, жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда (тауар жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген барлық қажетті шараларды қабылдайды. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімінің Web- сайтында мәліметтерді жаңарту бойынша жұмысты қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарлардың уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30