Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Құқық және экономика негіздері
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады. Аппарат басшылығына ұйымдастыру жұмысын, бақылау-орындаушылық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Әкімнің тапсырмасы бойынша отырыстардың, кеңестердің хаттамаларын жүргізеді және олардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз етеді. Жетісу ауданында қала әкімінің халықпен тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді дайындауды қамтамасыз етеді. Жетісу ауданында қала әкімінің халықпен кездесу хаттамасының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында ("Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде) жүргізуді бақылайды. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына алғаш рет Мемлекеттік қызметке қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәлімгерлерді бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету мен дайындауды, қызметін бағалауды, даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды бақылайды. Аттестаттау комиссиясының, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның, тәлімгерлер кеңесінің және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді бақылайды. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу шаралары бойынша ақпарат әзірлейді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын уақытылы және сапалы қарастырады, сонымен қатар, әлеуметтік желілерге жолданған сұрауларына жедел әрекет етеді. Өтініш берушілердің мәселелері бойынша талдау жүргігу және арызданушылардың жүйелік мәселелерін анықтау. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2025 – 07.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30