Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді және оның кәсіби деңгейін жетілдіруге, еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қолданады. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау барысында заңдылықтың орындалуына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді. Ауданда мемлекеттік қызметкерлерге арналған құқықтық білім беру шараларын ұйымдастырылуына бақылау жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жүргізілуімен, іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының жүргізілуін бақылайды. Терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде ақпарат дайындау және аудан аумағындағы терроризмге осал нысандардың тізімінің жасалуын ұйымдастырады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу жұмысының ұйымдастырылуын қадағалайды. Нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізілуін бақылайды. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотына алқабиге үміткерлердің тізімінің дайындалуын қадағалайды. Жоғары тұрған органдардан, мекемелерден, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды уақытылы орындалуын бақылайды. Талап арыздарды дайындап, сот отырыстарына қатысады. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін іс- шараларына қатысады. Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізуді қадағалайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30