Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (2 бірлік)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
210087
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқық және экономика негіздері
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 001, 003, 004, 041 бағдарламалары мен ерекшеліктері бойынша әкімдікті қаржыландыру жоспары бойынша құнды ұсыныстар сұранысы тәсілімен, бір жерден жүзеге асыру және конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды дайындайды және жүргізеді. Тиісті бюджет негізінде тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді. Уәкілетті органға жылдық жоспарды заңмен белгіленген мерзімде тапсырады. Мемлекеттік сатып алу веб- порталында мемлекеттік сатып алулар жүйесінде тізбе құрастырады. Белгіленген заң тәртібімен мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт әзірлейді. Бөлім құзырындағы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімнің орындалуын бақылайды. Заңмен белгіленген үлгіде және тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілері және қазақстандық өндірушілер бойынша МС есебін уәкілеттік органға әзірлейді және тапсырады. Конкурстық құжаттамалардың сақталуына жауапты (түпнұсқалары). Мемлекеттік сатып алулар бойынша іс жүргізеді. Аппарат балансындағы мемлекеттік мүлікті пайдалануды және сақталуын қамтамасыз етеді. Аппараттың балансында тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын, оның сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету. Ұзақ пайдаланудан немесе басқа да себептерден есептен шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарды iстен шығаруға құжаттамалар дайындайды. Негiзгi материалдық құндылықтарды, арзан және тез тозатын құрал-жабдықтарды, қабылдауды және таратуды жүзеге асырады. №5 үлгі бойынша негізгі қаражат бойынша қаржы органдарына есеп әзірлейді және тапсырады. Материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысады және жүргізеді. Келесі жылға смета дайындау үшін барлық бөлімдерден өтініштер жинауды жүзеге асырады. Түскен өтініштер бойынша бөлімдердің қажеттіліктеріне талдау жасап, жыл ішінде қаражатты қайта бөлуде сатып алуға ұсыныс енгізеді. Кеңсе тауарларының қажеттіліктерінің есебін тапсырады. Аппаратқа қажетті оргтехникалар және өзге де материалдық құндылықтарды мемлекеттік сатып алу бойынша ұсыныс енгізеді. Қызметкерлерді кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді және сметасын жасайды. Электрондық-есептеу, көбейту техникаларының жұмысына және олардың уақтылы жөнделуiне, жабдықталуына, техникалық қызмет көрсету келiсiмдерiн жасап, бақылайды. Материалдық құндылықтарды қабылдау, тарату және түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлмінің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30