Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі
Жоба туралы
2017 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша «Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты, онда қала тұрғындарының өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары электронды түрде немесе өзі келгенде қабылданады.
Өтініштерді қабылдау 5 байланыс арнасы арқылы жүзеге асырылады: портал, фронт-офис, 109 байланыс орталығы, мобильді қосымша және әлеуметтік желілердегі аккаунттар (Instagram, Facebook, Twitter).
Open Almaty мобильді қосымшасы
Open Almaty мобильді қосымшасы - өтініштерді қабылдау мен өңдеуге, сондай-ақ пайдаланушылар үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін әртүрлі мобильді платформаларға арналған бағдарламалық жасақтама.
Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook, Twitter: @openalmaty). Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен олардың мәселелеріне жедел әрекет ету үшін Алматы қаласының әкімдігі 2015 жылы Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде өз аккаунтын ашты. Әлеуметтік желілер азаматтарға өтінішті фотосуреттер мен бейнематериалдарды қосып, ұялы телефон көмегімен жіберуге мүмкіндік берді. Бұл азаматтар үшін өтініш жолдауға болатын ең қарапайым және ыңғайлы құрал.
Барлық өтініштер frontoffice.open-almaty.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі, орындалуын бақылау қамтамасыз етілген. Өтініш беруші «жеке кабинетте» өтінішті өңдеудің барлық процесін көре алады.
Міндеттер
Кедергісіз орта құру, мемлекеттік органдардың халыққа есеп беруін қалыптастыру, қала тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты мәселелерді шешу.
Кері байланысты тұрақты талдау, сапасын жақсарту және проактивті әрекет етуді енгізу.
Open-almaty.kz порталы
open-almaty.kz порталы – өтініш беру, өмірлік жағдайларды шешуге арналған нұсқаулықтарды қарау, қызмет көрсетудің барлық салаларында жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін веб-портал.
Портал Білім базасы деп аталатын интерактивті анықтамалық іспеттес, онда мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілгеніне немесе енгізілмегеніне қарамастан, әртүрлі «стандартталмаған» өмірлік жағдайларды шешу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар берілген.
Бүгінгі таңда Білім базасында қарапайым және түсінікті тілде сипатталған, терминдермен күрделенбеген 250-ден астам өмірлік жағдайға жауап пен оларды шешу бойынша 700-ден астам алгоритмді табуға болады.
Егер порталға кіруші өз мәселесі бойынша түсініктеме таппаса, онда ол порталға өтінім жібере алады. Оны Open Almaty сараптамалық тобы әкімдіктің құзыретті бөлімшелерімен бірлесе қарастырып, зерттейтін болады. Нәтижесі бойынша өтініш берушіге белгіленген мерзімде толық жауап беріледі.
Фронт-офис
Фронт-офис оpen space форматында жұмыс істейді. Онда Open Almaty-ның штаттық қызметкерлері (консультанттары), сондай-ақ қалалық тұрғын үй саясаты, қалалық жоспарлау және урбанистика, қала құрылысын бақылау, әлеуметтік әл-ауқат, қалалық мобилділік, жасыл экономика, жер қатынастары басқармаларының, ПД және ТЖД өкілдері консультация беріп, қызмет көрсетеді.
Фронт-офис Алматының орталығында Абай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша орналасқан. Жаяу жүретін қашықтықта метро бекеті, жүретін бағыттары қаланың ықшамаудандарын мүмкіндігінше қамтитын қоғамдық көлік аялдамалары бар, яғни ыңғайлы көлік түрі қолжетімді.
Фронт кеңсенің жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, жексенбі - демалыс.
Байланыс орталығы
109 байланыс орталығы анықтамалық ақпарат беру қызметін көрсетеді, өмірлік жағдайлар бойынша консультация береді, телефон арқылы азаматтардың өтініштерін қабылдап, тіркейді.
109 байланыс орталығының жұмыс кестесі: сағат 6.00-ден 00.00-ге дейін демалыссыз.