«Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз релизі

Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі. Ереженің 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау критерийлерін коммуналдық мүлік бойынша-тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ 2024 жылғы 29 тамызда «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/479 қаулысының күші жойылғанын ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігінің Қаулысының жобасында коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттарды бекіту ұсынылады.

Анықтама:

Аукцион нысанындағы сауда-саттықты өткізу – мемлекеттің объектіні одан әрі бақылауға мүдделілігінің болмауы; объектіні барынша жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту мүмкіндігі (мысалы – автокөлік, жылжымайтын мүлік, жабдық және т.б.).

Тендер нысанындағы сауда-саттықты өткізу – сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің объектіге бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау); объектіні барынша жоғары баға бойынша сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту мүмкіндігі (мысалы – кәсіпорындар, ЖШС-тегі қатысу үлестері, АҚ акциялар пакеті және т.б.).

Тікелей атаулы сату – сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалдау) шартының талаптарын орындауға мемлекет бақылауың белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі.

Қор биржасында сауда-саттықты өткізу – объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі; шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

Туынды бағалы қағаздарды сату – мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.

Екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс – жекешелендіру объектілерін сату алдындағы даярлау және оларды сату бойынша консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі; айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен сауда-саттық өткізу қажеттілігі.

Көрсетілген критерийлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің      2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығымен бекітілген.