Абоненттерді "Тұздыбастау" қосалқы станциясына қосуды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда
"Шуақты" шағын ауданында 5 шақырымнан астам электр беру желілерін жаңғырту аяқталды. Бұл туралы Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлады. Қала басшысы осы жылдың желтоқсан айына дейін "Әлмерек", "Нұршашқан" және "Қайрат" шағын аудандарында осындай жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Электр беру желілерін жаңғырту қорытындысы бойынша тұрғындарды "АЖК" АҚ желілерімен қызмет көрсетуге ауыстырады.
Сонымен қатар, Түрксіб ауданында "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта жеке учаскелердің иелерімен желілерді абоненттерге жеткізу үшін сервитут шарттары — жерді пайдаланудың шектеулі құқығы туралы келісімдер жасалады. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Қызмет бағыты