Алматы әкімі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішінің ашылуына қатысты

Қоладан жасалған мүсінді композиция Республика Сарайы жанындағы скверде орналасқан.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, музыканттар мен әншілер, оның ішінде Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, композитордың жесірі Жәмилә Қалдаяқова қатысты.
Ескерткішті ашқан Бақытжан Сағынтаев Шәмші Қалдаяқов шығармашылығымен дүйім жұрттың таныс екенін атап өтті. Оның әндерін композиторды «қазақ вальсінің королі» атаған аға ұрпақ ерекше ұнатады.
«Бүгін біз алматылықтардың жас ұрпағы және барша қазақстандықтар үшін оның есімін ұлықтадық», - деп атап өтті қала әкімі.