Қарағайлы өзеніне жақын орналасқан ықшам аудандар тұрғындарына ауыз су беру реттелді

Қарағайлы өзеніне жақын орналасқан ықшам аудандар тұрғындарына ауыз су беру реттелді

Қарағайлы өзенінің суы тұндырылды, осының арқасында фильтрлі станцияның жұмысы реттелді. Қазіргі кезде су залалсыздандырылып, барлық кешенде дайындық жұмыстары жүруде.

Коммуналды қызметтер өзен арнасын , фильтрлер мен құбырларды тағы бір рет тазартып шықты, су желілері жуылды. Тұтынушылардың барлығына су бір күн ішінде берілетін болады. Қазір су қысымы қалпына келтірілуде.

«Алматы Су» кәсіпорны су есептегіштері жоқ ықшам аудандар тұрғындарына су болмаған кездің төлемі есебін қайта жасайтын болады.

Бұрындары, 2019 жылдың 14 тамызы кезінде болған сел тасқыны және судың лайлануы салдарынан Қарағайлы өзенінің су қоймасына су берілген жоқ.

Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс елді мекендеріне ауыз су автоцистерналармен жеткізілді.