Алматыда КВИ дерті екі есеге өсті: мамандар белсенді вакциналануға шақырады
Алматының СЭБД-нің деректері бойынша өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсті, соңғы тәулікте 299 КВИ жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім — 0,3%.
7 шілдедегі жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 76 407 жағдайы тіркелді, оның 59 660-ы симптомды және 16 747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония — 2013. 6 шілдеде коронавирус инфекциясының 299 жағдайы тіркелді, оның 259-ы симптомды, 40-ы симптомсыз. Тәуліктік өсім — 0,3%. Репродуктивті саны — 1,353.
Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. ӨЖЖ аппаратында — 19, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында — 34, High flow аппаратындағылар — 22.
Бүгінгі күні АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауымен 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жағдайлары жеңіл және 45-і орташа ауырлық дәрежесінде.
Алматыда 7 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаны 534 199 адам алды, оның ішінде 5240 полиция қызметкері, 29 501 мұғалім, 34 229 дәрігер. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 87 134 адамды құрайды (16,3%). Қаланың СЭБД егде жастағы азаматтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, өйткені вакцина созылмалы ауруы бар науқастардың инфекция жұқтыруларының алдын алады.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 екпе пункттері жұмыс жасауда. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.