Алматы әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары туралы айтылды
Бүгін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қалай тұрақтандырылғанын айтты. Қазір алматылықтар 18 түрлі өнімді қолжетімді бағамен сатып ала алады. Ал мұның бәрі бағаны реттеу мүмкіндігі мен Алматының тұрақтандыру қорының арқасында. Спикер 30 маусымға дейін көтерілмеуі тиіс жұмыртқаның бағасы туралы айтты.
Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорының қаражаты 8-ден 10 млрд.теңгеге дейін, орналастырылған «айналым» қарыздары 7-ден 8,5 млрд. теңгеге дейін арттырылды.
«Өнімнің жалпы көлемі 73,4 мың тоннаны құрайтын әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 атауы қамтылды. Магнум және Тоймарт сауда желілері, Алматы қаласының тауар өндірушілері «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС және Алматы облысының тауар өндірушілері «Union Products» ЖШС, «MPS» ЖШС, «Асыл Meat» ЖШС тартылды», - деді Е.Оразалин.
2020 жылғы қарашадан бастап, 14 мың тоннадан астам көкөністі (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) сақтауға салу жұмысы іске асырылды. Бұл азық-түліктерді бүгінде Магнум сауда желісінен белгіленген әлеуметтік баға бойынша алуға болады. «Аталған көкөністі нарықтың орташа бағасынан төмен баға бойынша сақтауға салуды іске асыру, жалпы алғанда, қала бойынша аталған көкөніс қатарларының бағаларын тұрақтандыру мүмкін болды», - деп толықтырды Еркебұлан Оразалин.
Оң нәтижелер аясында, «Магнум» және басқа да сауда желілерін 22 мың тонна көкөніспен қамтамасыз ету үшін, 2021-2022 жылғы маусымаралық кезеңге (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірді қоса алғанда) көкөністі «форвардтық» сатып алу туралы 2,5 млрд теңгеге келісім жасалды.
Қаланың 7 негізгі азық-түлік базарларында: Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме базар), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесінде «Әлеуметтік дүкендер» ашылды, онда Алтын Орда базарының көтерме бағалары бойынша әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 атауы сатылады. Бұл базарлардан картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, рожки, ұнды арзан бағаға сатып алуға болады.
Еркебұлан Оразалин бұл сату нүктелерінің тұрақты түрде жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен бірге Түркістан облысынан қырыққабаттың жаңа өнімінің жеткізілуін ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.
«Қазір біз Тұрақтандыру қорына 500 тонна күріш пен 300 тонна қарақұмық жармасын сатып алу рәсімін жүргізіп жатырмыз. Оған қоса,сатып алынатын өнімнің атауы мен көлемін арттыру мәселесі пысықталуда», - деп хабарлады басқарма басшысы.
Спикер жұмыртқа бағасына қатысты өзекті тақырыпқа да тоқталып өтті. Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін бірінші санатты жұмыртқаға шекті баға (он данасы 487 теңге) белгіленді.
Еркебұлан Оразалин бағаны көтеруге себеп жоқтығын мәлімдеді. Әкімдіктің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік маңызды тауарлардың барлық түрлері бойынша баға тұрақтылығын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен, ағымдағы жылғы наурыз айының ішінде (9 наурызға дейін) болмашы ғана өсім байқалды, алайда жүргізілген жұмыстардың арқасында бағалар 100% тұрақтандырылды.