ҚАА-ның бақылаушылар: Дауыс беру процедурасы заңға сәйкес өтуде

Алматының жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте қаладағы Азаматтық Альянстың сайлау процедураларының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталығының жетекшісі Әділ Жүнісов, Алматыдағы Азаматтық Альянстың байқаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков және қаладағы Азаматтық Альянстың сайлау процедураларының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталығының мүшесі Сауле Алпысова сайлау учаскесіндегі ағымдағы жағдайлар туралы айтты.

Әділ Жүнісов атап өткендей, Алматы қаласының Азаматтық Альянсының бақылаушылары ашылған барлық сайлау учаскелерінде жүр.

«Сайлау басталды. Бүгін ауа райы да тамаша. Адамдардың көңіл-күйлері жақсы. Олар отбасыларымен, балаларымен бірге дауыс беруге келуде», — деді Ә. Жүнісов.

Бір ай ішінде Алматының Азаматтық Альянсының бақылаушыларды даярлады. Оларға қажетті заттардың барлығы, материалдар берілді.

Александр Братенков бақылаушылардың кәсіби даярлығы сайлауды бақылауға, дауыс беруге мониторинг жүргізуге және оның нәтижелерін шығаруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

«Біз сайлауды бақылаудың тым таза сипатын өткеннің стереотипі деп түсінуіміз керек. Қазіргі кезде сайлау процесіне қатысу үшін тәуелсіз бақылаушыларға қатаң талап қойылған. Демек, учаскелік сайлау комиссияларында сауатты әрі әділ бақылаушылардың болғаны жөн. Сонда ғана олар қажетті мәлімдемелер мен актілер жасай алады әрі тиісті тәртіп орнатуға ықпал етеді», — деді А. Братенков.

ҚАА-ы бақылаушылары дауыс беру процедуралпарының заңға сәйкес өтіп жатқанын хабарлауда.

Сәуле Алпысова өз кезегінде Азаматтық Альянстың сайлау барысы туралы ашық және әділ хабар беруге дайын екенін атап өтті. Әлеуметтік желілердегі ҚАА-ның парақшаларында таңнан бері қарай Алматының сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдай туралы ақпараттар жариялануда. Бұдан өзге, бақылаушылар сайлаушылардың кез-келген сұрақтарына жауап беруге дайын.