Алматыда музыкалық және креативті индустрияға арналған Almaty Studios студиясы ашылады

Алматыда музыкалық және креативті индустрияға арналған Almaty Studios студиясы ашылады

28 қазанда Алматыда Almaty Studios музыкалық кеңістігінің ашылу салтанаты өтеді. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның бастамашысы – музыкант, композитор, A’STUDIO тобының жетекшісі Байғали Серкебаев.

Аумағы 521,7 шаршы метр болатын студияда дыбыс жазу студиясы, репетиция залы, оқу сыныптары, түсірілім павильоны және 50 көрерменге арналған концерт залы бар. Мұнда музыка үйренуге, ән жазуға, репетиция жасауға, бейнетүсірілім жүргізуге және концерт өткізуге жағдай жасалған.

Іс-шара бағдарламасы:

* қызыл лентаны қию рәсімі;
* студияны аралап көру;
* құттықтау сөз;
* БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру.

Күні: 2026 жылғы 28 қазан
Іс-шараның басталуы: 18:30
Мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 412Б.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
Мария, 8 707 333 3096

Оқиға күні

28 қазан 2026

Өткізу орны

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 412Б.

Оқиға түрі

Іс - шара