Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді

Алматыда 25 қыркүйекте ерекше қажеттілігі бар спортшылар мен шахмат әуесқойларын біріктіретін Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді.

Турнирге есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңге.

Сайыс FIDE рейтингі есепке алынатын швейцариялық жүйе бойынша жеті турдан тұрады. Әр ойыншыға партияға 15 минут беріледі және алғашқы жүрістен бастап әр жүріске қосымша бес секунд қосылады.

Турнирдің мақсаты – инклюзивті спорт ортасын дамыту, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар жарыс мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматты насихаттауға бағытталған.

Іс-шара Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Funduk Life қорының бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылады. Ынтымақтастық инклюзивті ортаны дамытуға және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамға бейімделуі мен әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған.

Күні: 25 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 13:00
Өтетін орны: SADU Arena
Аккредиттеу мәселелері бойынша: 8 706 693 3661

Басталу уақыты

25 қыркүйек 2026

Соңғы күні

22 қыркүйек 2026

Оқиға түрі

Турнир