«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланады

11 қазанда сағат 11.00-де «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар (катетерлер, зондтар, патологиялық материал жинауға арналған контейнерлер және т.б.) шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланады.

Инвестициялық жобаны Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен «JULDYZ KENAN Co., LTD» компаниясы жүзеге асыруда. Зауыт құрылысына шамамен 100 жұмыс орны құрыла отырып, 1,5 млрд. теңге жеке инвестиция салынатын болады. Құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылғы маусым айы. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10 млн. бірлікті құрайтын болады. Отандық өндіруші өнімді ішкі нарықта ғана жүзеге асырып қоймай, Өзбекстан мен Қырғызстанға да экспорттайды.

БАҚ-ты аккредиттеу 2023 жылғы 10 қазанда сағат 21.00-ге дейін жалғасады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Алатау» шағынауданы, Ибрагимов көшесі, 9.

Қосымша ақпарат алу және БАҚ-ты аккредиттеу туралы ақпарат алу үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша баспасөз орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:

ұялы телефон: Гульсум Кунелекова +7 701 341 6626

Оқиға күні

11 қазан 2023

Өткізу орны

Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Алатау» шағынауданы, Ибрагимов көшесі, 9.

Оқиға түрі

Хабарландыру