Алматыда мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді


21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Үстел теннисі орталығында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан оқушылар (жасөспірімдер U-15, U-17 жас) арасында Әлем чемпионаты өтеді.
Жарысқа 20 елге жуық елдерден келген спортшылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Ресей, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді.
Салтанатты ашылу күні мен уақыты: 14:30, 21 қыркүйек
Байланыс телефондары: Дана Қасенова, Тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі +7 775 564 6010
Басталу уақыты
21 қыркүйек 2023
Соңғы күні
24 қыркүйек 2023
Өткізу орны
ADD Үстел теннисі орталығында
Оқиға түрі
Әлем чемпионаты